Раиса Қадыр баспа ісі, аударма, авторлық құқық және тіл мәселесі туралы

Релиз:

OY-DETOX қонағы - Раиса Сайран Қадыр, Steppe & World баспа үйінің басшысы, Хәрри Поттерді қазақша сөйлеткен адам. 
Раиса Моңғолияда туып-өсті, әлемнің бірнеше елінде тұрып, 2019 жылы отбасымен атамекен Қазақстанға көшіп келді. Біз Раисамен 23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күні қарсаңында арнайы жолығып, баспа ісі, аударма, авторлық құқық және тіл мәселесі туралы сөйлестік. 
Эпизодтан:

Хәрри Поттерді қазақша аудару себептері мен алғышарттары
авторлық құқық дегеніміз не және оны алудың маңызы
еліміздегі аударманың жағдайы мен қазақша кітап сапасы
Cancel Culture, Жоан Роулиң, Стивен Кинг 
Қаңтар оқиғасы, Украинадағы жағдай мен болашақ туралы сөйлестік.

OY-DETOX-тің осы эпизодын, әдеттегідей, барлық подкаст тыңдауға арналған қосымшалардан және сонымен қатар, ютюбтан да таба аласыздар.
Видео OY-DETOX патрондарының қаржылық қолдауы арқылы мүмкін болды. Қолдаулары үшін Бақытгүл, Индира, Зейнелге алғыс білдіремін. OY-DETOX патрондарының қатарына қосылуға шақырамын, сілтеме - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Мұқаба - Дарья Корнеева
Видео/монтаж - Илья Мартынов
SMM - Ақнұр Тоғайбекова

Раиса Қадыр баспа ісі, аударма, авторлық құқық және тіл мәселесі туралы

Титульный
Раиса Қадыр баспа ісі, аударма, авторлық құқық және тіл мәселесі туралы
Copyright
Релиз

flashback